Маңғыстау облысында көшеден жаңа туған нәресте табылды

Автор: Алмас Ерсін

Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады

Фото: pixabay

Мұнайлы ауданына қарасты ауылдардың бірінде көшеден тастанды сәби табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті inAktau.kz басылымына сілтеме жасап. 

Бұл ақпаратқа Маңғыстау облысы полиция департаменті түсініктеме беріп үлгерді. Ресми мәліметке сәйкес Бесшоқы ауылында 3 мамыр күні тұрғын үйдің терезесінің жанынан жаңа туған нәресте табылған.

Тергеу басталды, полицейлер баланың анасын іздеп жатыр. Сәби перзентханаға жеткізілді.