Синоптиктер болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК болжамынша, 6 мамыр күні еліміздің төрт қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылғы 6 мамырда Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін ауа райы құбылыстары. Бұған желдің бәсеңдеуі, тұман, ауаның жоғары қабаттарында инверсиялық қабаттардың түзілуі жатады. Мұндай жағдайда зиянды қоспалар атмосферада еркін таралмайды.
Мамандар тұрғындарға денсаулығына мұқият болуға және қажетсіз жағдайда далада ұзақ болмауға кеңес береді.