Қазақстанда биыл қай өңірлерде тасжол салынады

Автор: Асыл Арман

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Фото: freepik.com

Қазақстанда биыл қандай тасжолдар салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады.

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш – Ембі – Ырғыз», «Қостанай – Қарабұтақ», «Өскемен – Шемонаиха», «Өскемен – Рахман кілттері», «Орал – Атырау» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.