«Сақ болыңыз!»: құтқарушылар алматылықтарға ескерту жасады

Автор: Алмас Ерсін

5-6 мамыр аралығында Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

Фото: pixabay

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«5- 6 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2900 биіктіктен жоғары) жауын- шашын мол түсіп, қар жамылғысы тұрақсыз болады. Тауларда қар көшкіні қауіпі сақталады», - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты құтқарушылар тауға аттанған демалушылардан қауіпсіздік шараларын сақтап, қарлы тік жартастарға шықпауды сұрады.