Қай өңірлерде дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 5 мамыр, дүйсенбіге ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі, найзағай ойнайды деп болжап отыр. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел соғады, 1 градус үсік жүреді.
Ақмола облысында жел соғады, 1 градус үсік жүреді және өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау облысында күн күркіреп, шаңды дауыл, жел соғады, өрт қаупі жоғары болады.
Қонаев қаласында және Алматы облысында өрт қаупі жоғары болады.
Атырауда, Атырау облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавл, Көкшетау қалаларында, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Өскемен, Семей қалаларында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жел соғады, жоғары өрт қаупі сақталады.