Екібастұзда баланың қолы су тазалайтын аппаратта қыстырылып қалды

Автор: Алмас Ерсін

Балаға ТЖМ құтқарушылары көмекке келді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Екібастұз қаласында баланың қолы су тазалайтын аппаратта қыстырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше қолын өз бетінше шығара алмай жатқан баланы көрген адамдар 112-ге хабарласқан.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар болгарканы пайдаланып, аппараттың есігін кесіп, баланың қысылған қолын шығарды», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар балаға дер кезінде көмек көрсетті.