Қарағанды облысында үш балықшы құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар каналдан шыға алмай қалған

Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысында құтқарушылар Сәтбаев атындағы каналдан өз бетінше шыға алмай қалған үш балықшыны аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Осакаров ауданы аумағында болған. Қатты жел салдарынан ер адамдар жағаға қайта жете алмай, көмекке мұқтаж болған.

«Координаттар анықталғаннан кейін оқиға орнына ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу аттанды. Жедел әрекет нәтижесінде балықшылар қауіпсіз жерге шығарылып, ешқандай медициналық көмек қажет болмады», — делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде, әсіресе ауа райы құбылмалы жағдайда, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.