Семейде көпқабатты үйден өрт шықты: тұрғындар өздері эвакуацияланған

Автор: Дәулет Ботагөз

Жалпы өрт аумағы 31 шаршы метрді құрады

Фото: ТЖМ

Семей қаласында құтқарушылар өрт шыққан көпқабатты үйде газ баллондарының жарылуын дер кезінде тоқтатып, ықтимал апаттың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ-ге сілтеме жасап.

«Оқиға бүгін В. Синицын көшесіндегі тұрғын үйде болды. Шамамен бір сағат бұрын бесінші қабаттағы екі балконнан өрт шығып, жалын терезе жақтаулары, жеке заттар мен жиһаздарға жайылған. Жалпы өрт аумағы 31 шаршы метрді құрады», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тұрғындар өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетімен эвакуацияланған. Олар құтқарушылардың өмірін қауіпке тігіп, қызыл жалын ішінен газ баллондары мен заттарды алып шыққанына куә болған. Осы әрекет арқасында ықтимал жарылыс пен үлкен апаттың алды алынды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.