My Freighter өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстердің санын арттыру жұмысы жалғасуда

Фото: © istockphoto.com

Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Бұл туралы Көдік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Әуе компания Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды», — делінген хабарламада.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.