Жанжалға 11-сынып оқушылары қатысқан
Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасындағы төбелестен кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Глубокое ауданына қарасты Ушаново ауылындағы мектепте болған. Бейресми деректерге сүйенсек, жанжалға 11-сынып оқушылары қатысқан.
Аудан әкімдігі білім бөліміне оқиға туралы дер кезінде хабарламағаны үшін қызметтік тексеру жүргізуді тапсырғанын мәлімдеді.
«Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға материалдар түскен жоқ, себебі тергеу әлі аяқталған жоқ. Қыздар ешқандай тіркеуге алынбаған», – деді аудан әкімдігіндегілер.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.