Бұл қаражат жерлеу рәсіміне, отбасына психологиялық көмек көрсетуге, сот шығынын өтеуге жұмсалмақ
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерінің қолынан қаза тапқан Джордж Флойдтың отбасына 13 млн доллар жиналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Джордж Флойдтың отбасына қаржы жинауға арналған GoFundMe порталын оның ағасы іске қосты. Ол 1,5 млн доллар жинағысы келген. Қазіргі таңда 477 мың адамнан 13 млн доллар түсті. Бұл қаражат жерлеу рәсіміне, отбасына психологиялық көмек көрсетуге, сот шығынын өтеуге бағытталмақ. Сонымен қатар Флойдтың балаларының оқуына да қаражат қарастырылған», - деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетсек, 25 мамыр күні Джордж Флойд полиция қызметкерінің қолынан қаза тапқаннан кейін АҚШ-та жаппай тәртіпсіздік басталды. Миннесота штатында басталған толқу басқа штаттарда ғана емес, Еуропада да жалғасып жатыр.