Қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген
Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында қызыл кітапқа енген екі бірдей қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Барыстың бірі Алтай орманының аумағында түсірілді.
Екінші оқиға Катонқарағай аумағында болды. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатты.
«Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысының (Panthera uncia) бірегей кадрларын алуға мүмкіндік туды. Бұл факт табиғатты қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігінің маңызды дәлелі болып саналады», - деп атап өтті Экология министрлігінің Орман шаруашылығы комитеті.