Сенбі күні еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауады
6 маусым күні еліміздің батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аумақтарда дауыл, бұршақ болжанады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылмен сақталады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде - тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде дауыл күтіледі Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с артып, шаңды дауыл тұрады», - деп жазылған хабарламада.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.