02.05.2025, 10:04
Жаңалықтар
Қазақстанға бір ай ішінде есірткі алып өтпек болған 40-қа жуық адам ұсталды
2025 жылғы сәуірдегі ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимылдарының нәтижелері жарияланды
Фото: freepik.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуір айында елімізге төнген қандай қауіптің бетін қайтарғанына есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде:
- Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушы, оның ішінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды.
Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
- 37 факті – есірткі заттары;
- 92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
- 357 факті – жанар-жағармай материалдары;
- 793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
- 176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді.
- Заңсыз балық аулар құралдары алынды:
- 41 дана – жүзу құралдары;
- 118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- алды алынған залал сомасы 1 млрд 900 млн теңгені құрайды.
«Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 07:17
Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды