Газа секторында соғыс басталғалы бері 52 мыңнан астам адам қаза болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Газада үйінділер астында мыңдаған адамның денесі қалды

Фото: AP/Fatima Shbair

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс басталғалы бері Газа секторында 52 418 адам қаза болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлайды

Екі тарап арасындағы соғыс 2023 жылдың 7 қазанында басталған. Соңғы 24 сағат ішінде 18 адам қақтығыстың құрбаны болды.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап, соңғы 24 сағатта 18 қаза тапқанын және 77 жаралы мәйіттің жергілікті ауруханаларға жеткізілгенін хабарлады.

18 наурыздан бері Израиль атысты тоқтату келісімін бұзып, шабуылдарын қайта бастағаннан бері 2326 палестиналық қаза тауып, 6050 адам жараланған.

2023 жылдың 7 қазанынан бері қаза тапқандар саны 52 418-ге, жараланғандар саны 118 091-ге жетті. Газада үйінділер астында мыңдаған адамның денесі қалды.