$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ғалымдардың ақысы неліктен төленбей жатыр: министрлік түсініктеме берді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

Ғалымдардың ақысы неліктен төленбей жатыр: министрлік түсініктеме берді
Фото: freepik.com

Гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобалары бойынша төлемдердің кешігуі республикалық бюджетке түсімдердің жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғамда ғылыми жобалар бойынша төлемдердің кешіктірілуіне қатысты алаңдаушылық байқалып отыр. Осыған орай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аталмыш ахуал бойынша ресми түсініктеме беріп отыр.

«2025 жылғы сәуір айында республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің жеткіліксіз болуына байланысты гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында қабылданған міндеттемелер бойынша аванстық төлемдер кешіктірілді. Сәуір айында Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдары арқылы аванстық төлемдерге қажетті жалпы соманың тек шамамен 8%-ы ғана төленді. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі жас ғалымдардың жобалары бойынша төлемдерге бағытталды. Ал наурыз айында аталған бағдарламалар бойынша қаржыландыру мүлде жүргізілмеген болатын.

Қазіргі уақытта 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» конкурсының жеңімпаздарымен келісімшарттарды жасасу және тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері жарияланды.

Министрлік төлемдер мәселесін тұрақтандыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жас ғалымдарға және олардың ғылыми бастамаларына қолдау көрсету министрліктің басым бағыттарының бірі болып қала береді», - дейді Олжас Беркінбаев.

Серіктес жаңалықтары