ДДСҰ бетперде киюге қатысты ұсыныстарын қайта қарады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде киюге қатысты ұсыныстарын қайта қарап, қоғамдық көлік пен дүкендерде маска киюді міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлім еткен. Бұған дейін ДСҰ бетпердені тек коронавируспен ауырған адамдар ғана тағуы керек деген ұсыныс айтқан еді.
«Дәлелденген жағдайларды ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ел үкіметтеріне вирус көп тараған және физикалық арақашықтықты сақтау мүмкін болмайтын орындарда, халық бетпердені міндетті киюі ұсынылады. Соның ішінде, қоғамдық көлік пен дүкендер, адамдар лық толатын орындар», - деді Гебрейесус брифингте.
Дәлірек айтсақ, ДДСҰ коронавирус тез тарап жатқан орындарда 60 жастан асқан, созылмалы аурулары бар азаматтарға бетперде киюді ұсынды. Сондай-ақ, ол коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болды ма, жоқ па, оған қарамастан, медицина қызметкерлерінің барлығына бетперде киюге кеңес берген.