Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Автор: Дәулет Ботагөз

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан 201 шақырым жерде

Фото: © istockphoto.com

Алматы облысының Кеген ауданында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq RýhyТөтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жерасты дүмпулері 1 мамыр күні сағат 08:19-да (Астана уақыты бойынша) тіркелген. Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым жерде, Карқара ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген және ешқандай қауіп төндірмейді.

«Есептеулерге сәйкес, бұл жер сілкінісі халық арасында сезілмеген және қауіпсіз болып табылады», – делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.