30.04.2025, 16:39
Жаңалықтар
ШҚО-дағы медпункт құрылысына жемқорлардан қайтарылған 67 млн теңге бөлінеді
Жалпы, медициналық пунктке бюджеттен 419 млн теңге бөлінеді
Фото: istockphoto.com
Олигархтар қайтарылған 67 миллион теңге әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінді. Бұл жолы қаражат ШҚО-да медициналық емхана құрылысын аяқтауға жұмсалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елімізге заңсыз қайтарылған активтерден тұратын Арнайы мемлекеттік қордан ШҚО-ның Шемонаиха ауданына қарасты Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау үшін 67 миллион теңге бөлініп жатыр.
Жалпы, медициналық пунктке бюджеттен 419 млн теңге бөлінеді. Бұл қаржының бір бөлігі үкімет резерві мен облыс қазынасынан бөлінді.
Нысанның құрылысы 65 пайызға аяқталды. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді қосу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс осы жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды