30.04.2025, 13:58
Жаңалықтар
Оралда есірткі қолданып, мопед жүргізген ер адам ұсталды
Ол 5 жыл бұрын жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған
Фото: БҚО ПД
Орал қаласында Ескалиев көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері есірткі қолданған мопед жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, ол тоқтағаннан кейін тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан, алайда полиция қызметкерлері оны ұстап куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жеткізді.
Көлік басқарған облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны медициналық куәландыру қорытындысы бойынша есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
«Тексеру барысында оның 2020 жылы көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды