Тоқаевтың БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары: байқауға өтінім қабылдау басталады

Автор: Асыл Арман

Ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады

Фото: Ақорда

Жылдағы дәстүрге сәйкес, биыл да ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі. Бұл туралы Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады.

Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады. Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады.