$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін»: министр тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімінен қандай препараттар алынғанын айтты

Тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімі қайта қаралған

«Денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін»: министр тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімінен қандай препараттар алынғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімінен қандай препараттар шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінде тегін берілетін амбулаторлық дәрі-дәрмектерді өзектендіру тізімі жасалады. Бұл жобаның басты мақсаты – науқастардың өміріне қауіп төндіретін, мүгедектікке әкелетін дәрі-дәрмекпен қамтуды тоқтату. Басымдық осындай препараттарға беріледі. Соңғы үш жылда сараптама жасадық, бүгінде науқастар қандай дәрілерге мұқтаж екенін көрдік», - деді Әлназарова.

Оның айтуынша, бұл көбіне денсаулыққа аса зиян келтірмейтін паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер екен.

«Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы жасаған қорытынды негізінде аталған тізім қайта жасақталды. Бұл препараттарға жұмсалатын шығын бюджет пен логистикаға қатты әсер етпейді. Бір адамға шаққанда 4400 теңге шығады. Жеке препараттарға қатысты ел бойынша 4-5 рецепт жазылған. Біз ең алдымен препараттарға деген мұқтаждықты қарадық. 2020 жылы бұл препараттарға қатысты тізім ұлғайған. Сондықтан министрлік бұл мәселені жіті қарап, денсаулыққа зиян келтіретін бұл препараттарды тізімнен алып тастайтын болдық. Сол үшін денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін деген препараттарды алып тастадық», - деді Әлназарова.

Серіктес жаңалықтары