Атырауда адам шошырлық оқиға: элиталы үйден әйел адамның мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Әйел адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды

Фото: istockphoto.com

Атырауда адам шошырлық оқиға болды. «Француз кварталы» элиталы тұрғын үй кешенінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Atyrauoil басылымының мәліметіне сүйенсек, әйел адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды.

Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Тегтер: