Қостанай облысында ірі қара малдан бруцеллез анықталды
Елді мекенде малда бруцеллездің анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізіледі

Қостанай облысының Қызылту ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Елді мекенде малда бруцеллездің анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізіледі.
«Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округінің Қызылту ауылының аумағында ірі қара малдан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген әкімдік қаулысының жобасында.
Айта кету керек, осы жылдың ақпан айында Қостанай облысының Қарабалық ауданында ірі қара малдан бруцеллез анықталды. Ал бір ай бұрын бұл ауру өңірдің Әулиекөл ауданындағы шаруа қожалығында табылды.
Ветеринария мамандары жылдар бойы дабыл қағып келеді. Олар бруцеллезге қарсы күрес ережелері бес жыл сайын өзгеретінін хабарлайды , бірақ бұл әсер етпейді.