29.04.2025, 14:29
Жаңалықтар
Павлодар облысында студенттерді қорқытып, ақша бопсалап келген күдіктілер ұсталды
Олар ЖОО мен колледж студенттерін қорқытып келген
Фото: Polisia.kz
Павлодар облысында екі адам колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін жүйелі түрде қорқытып, ақша алып отырған. Күдіктілерді полиция ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктілерді ұстау бойынша операцияларды Павлодар мен Екібастұз қалаларында құқық қорғау органдары жүргізді.
«Кінәлілер күш қолданамын деп қорқытып, жастардан ақша, материалдық заттар беруді, сондай-ақ олардың атына коммерциялық және ақшалай несиелер беруді талап еткені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар қылмыстық әрекеттерінің жүйелік сипатын көрсететін оннан астам бопсалау дерегі бойынша жауапқа тартылған», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды