$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында мемсатып алуда заң бұзған шенеунік жарты млн теңге айыппұл арқалады

Конкурс жеңімпазымен 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасудан негізсіз бас тартқан

Жетісу облысында мемсатып алуда заң бұзған шенеунік жарты млн теңге айыппұл арқалады
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысында «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокурорлар Қаратал ауданы әкімдігінің бөлім басшыларының бірін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты (ӘҚБтК-нің 207-бабының 3 және 10-2-бөліктері бойынша оған 130 АЕК (511 160 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды).

Атап айтқанда, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы сумен жабдықтау желілерін салуға жарияланған конкурс жеңімпазымен 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасудан негізсіз бас тартқан.

Сонымен қатар, ол қайтадан сатып алу рәсімін өткізіп, бұл жолы басқа қатысушымен келісімшарт жасаған.

Тағы бір жағдайда мердігер техникалық талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды жеткізген, алайда осыған қарамастан аудандық ТКШ бөлімі ол тауарларды қабылдап алған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қызмет беделін түсіретін жағдайлар бойынша конкурс комиссиясының басқа да мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі басшы мен төрт маманға қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту жасалды.

Прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды бақылауды жалғастыруда», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары