Астанада лифт ішінде екі еркектің аймаласып, сүйіскен видеосы тарады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардың кім екенін анықтау жұмысы жүріп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Астанада адам ұяларлық оқиға болды, лифт ішінде екі еркектің құшақтасып, сүйіскен видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоға назар аударсақ, екі адам ұятсыз әрекетімен шектелмей, агрессивті түрде лифт есігін ұрып сындырып, бейнебақылау камерасын жұлып алғанын байқауға болады.

Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына хабарланды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, құқық бұзушылардың жеке басы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», - деп хабарлады жауап берді қалалық ПД агенттік тілшісіне берген пікірінде.