Парк әкімшілігі қоңыр аюмен кездесіп қалғанда не істеу керек екенін түсіндірді
«Көлсай көлдері» аумағында Тянь-Шань қоңыр аюларының жүргені бейнежазбаға түсірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық парктің мәліметінше, жабайы жануарлар санын есепке алу барысында «Көлсай көлдері» инспекторлары Тянь-Шань қоңыр аюын екі қонжығымен видеоға түсірді. Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларында мекендейді.
«Парк әкімшілігі келушілердің назарын аударады: егер қоңыр аюын байқап қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарларды мазаламау маңызды.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген барлық жануарлар түрлері мемлекет тарапынан қорғалады», - делінген ұлттық парк әкімшілігінің хабарламасында.