28.04.2025, 02:00
Жаңалықтар
«Ливерпуль» АПЛ-дің 20 дүркін чемпионы атанды
«Ливерпуль» «Арсеналдан» 15 ұпайға озып кетті
Фото: Instagram/liverpoolfc
«Ливерпуль» АПЛ-дің 24-турында «Тоттенхэмді» 5:1 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын ағылшын премьер-лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жеңіс Арне Слот жетекшілік ететін команданың 82 ұпай жинауына және екінші орында келе жатқан «Арсенал» командасынан 15 ұпайға алға шығуына мүмкіндік берді.
Осы жеңісі арқылы «Ливерпуль» АПЛ-дің 20 дүркін чемпионы атанып, «Манчестер Юнайтед» командасымен иық тірестіріп, ең титулды ұжым болды.
Премьер-лигадағы чемпиондық атақ саны бойынша үшінші орында 13 титулға ие болған «Арсенал» тұр. Ал бүгінге дейін 10 мәрте чемпион болған «Манчестер Сити» төртінші орында келеді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады