Ұшқыштар Астанада өтетін парадқа қызу дайындалып жатыр

Автор: Дәулет Ботагөз

Әскери парад 7 мамырда өтеді 

Фото: Ақорда

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 7 мамырда Астанада өтетін әскери парадқа дайындалып жатқан ұшқыштардың жаттығу кадрларын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министрліктің мәліметінше, ұшқыштардың өнері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараның ең әсерлі сәттерінің бірі болмақ.

«Еліміздің басты алаңы үстінен ұшып өтетін 66 әуе техникасы – майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясы дайындық үстінде. Тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен әскери ұшқыштар ұшудың барлық нюанстарын мұқият пысықтап жатыр. Мақсат – көрермендерді техниканың үйлесімділігімен, әсемдігімен және қуатымен таңғалдыру», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.