Ақтөбеде жоғалып кеткен қарт кісі тротуарда отырған жерінен табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қарт кісі 25 сәуірде жоғалып кеткен

Фото: «Zello Poisk» видеосынан скрин

Ақтөбеде еріктілер жоғалған қарт кісіні тапты. Егде жастағы ер адам 25 сәуірде жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оны 41 разъезде «Zello Poisk» командасы тапты. Зейнеткер тротуарда отырған жерінде табылды.

«Біз оны көргендегі эмоциямызды сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Атамыз тірі және жағдайы жақсы. Іздеуге қатысқан жандарға алғыс айтамыз», - деді ерікті Екатерина Голотина.