Әншіні сахнада жылжымалы камера құлатып қоя жаздады
Сахнада ән айтып, билеп, орнынан секіріп тұрған Жанар Дұғалованы жылжымалы камера ұзынынан сұлатып түсіре жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға мән берсек, Жанар Дұғалованың ән айтып тұрған шағында арт жағынан жылжымалы камера соғып кеткенін, әншінің не болғанын түсінбей, қашқалақтағанын, артынан камераға қарап жұдырығын түйгенін байқауға болады.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір қалдырды.
«Камераны сонша тақап не болды?», «Жанар Дұғалованы өлтіре жаздады», «Жолы болған сияқты ғой», «Көп құтырма деп ескерткені ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Жанар Дұғалова жаңа туған сәбимен түскен фотосын жариялағаны хабарланған болатын.