Көйлекті тіккен дизайнердің айтуынша, киімнің үлгісін Айжұлдыз өзі ойлап тапқан
Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова күні кеше ұзату тойын өткізді. Бірақ, сәукеле мен қазақтың ұлттық киімінің орнына ол өз қиялынан шыққан әдемі образды таңдап, аяғына кроссовки киіп шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның көйлегі көк пен күлгін түсті матадан арнайы тігілген. Көк түсті матаның үстіне өзі жұлдыз сызып алған. Қызды ұзату сәтінде де жастар қолтықтасып, залдан шығып кетті. Ал Жанар Айжанова қызының ұзатылуында екі жасқа ерекше тілек айтып, жұртты елжіретті.
«Осы қыздың көзінен бір тамшы жас тамса, менің берекем кетеді. Ішкенім ірің, жегенім желім болады. Ешкімге айтпайсың оны. Өзің ылғи мықты адам болып көрінесің. Бірақ сыртың бүтін, ішің түтін. Құдай басқа бермесін, осы ортада отырған ағайын барлықтарыңыз балалаларыңыздың қызығын бірге көріңіздер. Жалғыздық жақсы емес. Жалғыз басты әйел, өзі өсіп, өнді дейді. Амалдың жоқтығынан өсіп-өнесің. Осы күнді мен ерекше күттім. Құдайдан түнде де, күндіз де тіледім. Енді демалып жатқан сияқтымын. Сәкен сияқты азаматқа тап болып, екеуінің жарқырап жүргенін көріп, жүрегім орнына түсті», - дейді Жанар Айжанова.