«Қазгидромет» 25 сәуір, жұмаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктердің Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі, найзағай ойнайды деп болжап отыр. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл, жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола, Ұлытау облыстарында найзағай ойнайды.
Қарағанды, Жетісу, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды.
Ақтөбе, Алматы, Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.