Гүлсайран Оспанова 20 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтер жағалап жүрген
Алматы облысында тұратын көпбалалы анаға қалталы азамат баспана сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Гүлсайран Оспанова ауыр дертке шалдыққан. Ол 20 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтер жағалап жүрген. Отбасының баспаналы болуына "Астарлы ақиқат" бағдарламасы себепкер болды.
Барар жер, басар тауы қалмаған ана студияға қайғысымен бөлісуге келген. Қол ұшын беретін қалталы азамат та табылып, көмекке мұқтаж жанұяға баспана сыйлады.