«Мен қазағыма жау емеспін»: Сәкен Майғазиев тағы да дауға қалды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет Алладан дұға тілеймін, дейді әнші

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

Әнші Сәкен Майғазиев «Шерзат туралы ештеңе жазбай, Русланға келгенде тілекші бола қалыпсың» деп кінәлап жатқан оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші Алла біледі және мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған еш нәрсесін бөліп бермейтінін білемін. Дәмеленбеймін де. Мен адам алаламайтын жанмын», - деп жазды өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сәкен Майғазиев 2024 жылдың 12 қазанында Шерзат туралы да жазғанын еске салып, жазбаның скринін жариялады.

 "Шерзат туралы пікір жазбағандардан отписка" деп атой салып жатқанда, "мен жаздым ғой" деп ақталуға арландым. Қазір жазуымды мәжбүрлеп жатқан жандардың қарасы көп екен. Мен қазағыма жау емеспін. Қазақ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет Алладан дұға тілеймін. Имандай шыным. Қалғаны құқық қорғау органдардың құзырында», - деп түйіндеді әнші.