Павлодарда жеті жасар баланы бір топ оқушы аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Шабуыл жасаған балалар – шамамен 8-9 жаста

Фото: Видеодан скрин

Павлодар қаласындағы аулалардың бірінде бір топ бала жеті жасар баланы соққыға жықты. Оқиғаның барысы видеоға түсірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шабуыл жасаған балалар – шамамен 8-9 жаста. Зардап шеккен баланың анасы оны алдымен подъезде ұрғанын айтты. Мұнымен тоқтамаған балалар оны футбол алаңында топ болып соққыға жыққан.

Кадрда ұлдардың ұрып-соғып, балағат сөздер айтып жүргенін көруге болады.

Оқиғаға қатысы бар балалар мен олардың ата-аналары табылып, ауруханаға жеткізілді.

«Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, оның шешімі бойынша материалдар Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Тегтер: