Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері тұрғын үй ауласында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды», - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Кейбір бейресми мәліметке қарағанда марқұм Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.