22.04.2025, 04:15
Жаңалықтар
Алматылық жігіттер танысу сайтына тіркеліп, бәлеге тап болды
Ғаламторда танысқандарды пәтерге апарып тонап жүрген қаскөйлер қолға түсті
Фото: ru.freepik.com
Алматыда ғаламтор арқылы ер адамдармен танысып, кейін оларды жалдамалы пәтерге апарып тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Алаяқтардың әрекет ету схемасы бір — қыздар жігіттермен веб-сайтта танысып кездесуге шақырады. Пәтерге барғанда бойжеткендердің сыбайласы жігіттерге шабуыл жасап, ақшасы мен бағалы заттарын тартып алып отырған.
Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адамды қолға түсірді. Департамент өкілдері тұрғындарға желіде танысқан кезде сақ болуды сұрайды.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды