$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Бердімұхамедовке қазақы тазы тұқымы туралы айтып берді

Мәртебелі меймандар «Этноауыл» кешеніне барды  

Тоқаев Бердімұхамедовке қазақы тазы тұқымы туралы айтып берді
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.

«Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.

Тазыны қазақ халқы жеті қазынаның бірі деп қадір тұтады. Қасым-Жомарт Тоқаев  Гурбангулы Бердімұхамедовке қазақы тазы тұқымы халықаралық деңгейде мойындалғанын айтты

Серіктес жаңалықтары