$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ағаштарға QR код ілінеді

Биыл 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

Астанада ағаштарға QR код ілінеді
Фото: ru.freepik.com

Астана әкімдігі цифрландырылған ағаштарға паспорт жасап, есепке алады, сондай-ақ QR код енгізеді. Бұл туралы қала әкім Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы арқылы тұрғындар ағаш туралы ақпараттан хабардар болады, ал проблема бола қалған жағдайда қалалық органдарға хабарлай алады», - деп түсіндірді әкім.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қалада тағы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар және т.б.) отырғызылады. Қаланың барлық ауданы, оның ішінде мәдени және спорттық нысандардың, білім беру нысандарының маңындағы аумақтар көгалдандырылады.

«Биыл 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз. Мәселен, аталған жұмыспен қаланың оң жағалау бөлігіндегі тарихи көшелерді, вокзал маңы аумағын, Есіл өзенінің жағалауын, «Мыңжылдық» аллеясын, иллюзия саябағын және т.б. қамтимыз», - деді қала басшысы.

Иллюзия паркі (Сарыарқа ауданы, Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылының қиылысы) қала тұрғындары мен жастар үшін демалуға және уақытты қолайлы өткізуге арналған жаңа тартымды орталыққа айналады.  

Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралығында ескі үйлер мен заңсыз сауда нысандарын бұзғаннан кейін жаңа қоғамдық кеңістік бой көтереді. Алаңның ауданы 10,5 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда ағаштар мен бұталар отырғызылып, тротуарлар салынады. Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазарту жұмысы жалғасады.

 

 

Серіктес жаңалықтары