Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.
Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.