22.04.2025, 02:06
Жаңалықтар
Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталып кетті
Ол сотталушыдан 18 млн теңге пара алған деген күдікпен ұсталған
Фото: pixabay
Ақтау қалалық сотының төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Олар сотталушыдан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза кесу үшін 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған.
Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды