«Қазгидромет» мамандары 20–22 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елорданың тұрғындарын найзағайлы жаңбыр күтіп тұр, ал Алматы мен Шымкентте күн ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана:
- 20 сәуір: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +19…+21°C.
- 21 сәуір: Күн бұлтты, түстен кейін жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, найзағай кезінде екпіні 15–18 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C.
- 22 сәуір: Бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел батыстан 9–14 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +19…+21°C.
Алматы:
- 20 сәуір: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.
- 21 сәуір: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.
- 22 сәуір: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C.
Шымкент:
- 20 сәуір: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.
- 21–22 сәуір: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Көктемнің соңғы айына жақындаған сайын күннің күрт жылынуы байқалып отыр. Синоптиктер азаматтарды ауа райы өзгерістеріне дайын болуға шақырады.