Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлайды
2025 жылғы 19 сәуірде Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауа сапасына кері әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«19 сәуір күні Ақтөбе және Атырау қалаларында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады»,– делінген ресми хабарламада.
Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі. Ол жерге жақын атмосфера қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда қала тұрғындарына, әсіресе балалар, қарттар және тыныс алу жолдары аурулары бар адамдарға сыртта ұзақ уақыт болмауға және абай болуға кеңес беріледі.