$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ауа райына байланысты бір автожолда қозғалыс шектелді

Барлық көлік түріне қозғалыс уақытша тоқтады

ШҚО-да ауа райына байланысты бір автожолда қозғалыс шектелді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райының салдарынан бірқатар жол учаскесінде барлық көлік түріне қозғалыс уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«2025 жылғы 19 сәуірде сағат 08:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахманов бұлақтары» автожолының бір бөлігінде барлық автокөлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысы сол күні қайта ашылады. Төтенше жағдайлар қызметі мен жол мамандары жүргізушілерден ауа райының өзгерісін ескеріп, алыс сапарларды кейінге қалдыруды және жолда барынша сақ болуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары