«Стриптиз емес»: Дина Төлепберген ұлттық киіммен пилонда билеген бойжеткенге араша түсті (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Пилонда билеген бойжеткен – Қазақстан чемпионы

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қазақтың ұлттық киімін киіп, пилонда жаттығу жасаған бойжеткенге араша түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пилонда билеген бойжеткеннің аты-жөні – Бақыт Қадырова. Ол – аталмыш спорт түрінен Қазақстан чемпионы.

Осы видеодан кейін Бақыт Қадырова қоғам тарапынан сынға ұшырады. Осыған байланысты Дина Төлепберген Қазақстан чемпионынан араша түсіп, пилон спортына қатысты түсініктеме беріп өтті.

«Менің позициям: Ұлттық киіммен пилонға шығу – ұят емес. Өйткені пилон – спорт. Қазақ қыздарының кәсіби акробатиканы меңгеріп қана қоймай, халықаралық міңберде жеңіп жатқанына мақтануымыз керек емес пе?» - деді Дина Төлепберген.

Тегтер: