Оның денесі тек 6 айдан соң табылған
Свердлов облысында адам шошырлық қылмыс орын алды. 42 жастағы әйел мен оның алты жасар ұлын қонаққа барған танысы аяусыз өлтіріп, денелерін жасырып тастаған. Оқиға Серов қаласында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SHOT басылымы хабарлағандай, қылмысқа күдікті ретінде 49 жастағы Александр Гоок ұсталды. Ол Серов қаласының тұрғыны. Қаза тапқан әйел ұлымен бірге 2023 жылдың 10 қарашасында Нижний Тагил қаласынан қонаққа келген.
Тергеу мәліметінше, қайғылы жағдай бірнеше күн өткен соң болған. Александр мен әйел бірге ішімдік ішкен кезде, бала бөлмеде ойнап жүрген. Ер адам оны тыныштандырмақ болып, итеріп жіберген. Бала құлап, басымен соғылып, сол сәтте қаза тапқан.
Осыдан кейін күдікті әйелге шабуыл жасап, оған кемінде 10 рет пышақ сұғып, кейін денесін бөлшектеп, қалдықтарын қоқысқа тастаған. Әйелдің денесі жарты жылдан кейін ғана табылған.
Александр Гоок жуырда ауруханаға денесінде көптеген гематомалармен түскен. Дәл осы кезде полицейлер оны қылмысқа қатысты күдікпен ұстаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.