Бюджет қаражатының ұрланғанын прокурорлар анықтады
Жамбыл облысындағы Қордай ауданындағы балабақшалардың бірінің басшылығы 45,2 млн теңгеге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бюджет қаражатының ұрланғанын прокурорлар анықтады. Мемлекеттік қазынадан екі жыл ішінде мемлекеттік балабақшаны жан басына шаққандағы қаржыландыру ретінде 45,2 млн теңге бөлінген. Алайда, мемлекет төлеген балалар мектепке дейінгі мекемеге бармағаны анықталды.
Мекеме басшылығы миллиондаған теңгені ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеу ісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді.