ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде ол адамды құтқарып қалды
Ақтауда қызыл жалынға оранған үйде ер адам баспанасымен бірге тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде ол адамды құтқарып қалды.
Өрт Ақтау қаласының Шығыс-2 шағын ауданындағы екі қабатты тұрғын үйден шықты.
Өрт сөндіру кезінде ТЖМ құтқарушылары пәтерден 1959 ж.т. ер адамды құтқарды. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
«Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.